Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып Әділ Құсманов тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ресми хабарламада Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов аталған агенттік төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғаны айтылған.
Сонымен қатар Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.