Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Страсбургте зардап шеккендер арасында азаматтарымыздың бар-жоғы анықталып жатыр

Страсбургте зардап шеккендер арасында азаматтарымыздың бар-жоғы анықталып жатыр
Фото: News-front.info

ҚР Сыртқы істер министрлігі Страсбургтің көшелерінде болған атыс кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

Франциядағы дипломаттарымыз жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Францияда жүрген азаматтарымыздың есіне саламыз, төтенше жағдай туындаған кезде шетелдегі мекеменің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы елшілікке дереу хабарласыңыз, – делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Страсбург орталығындағы Клебер алаңында Рождество жәрмеңкесі кезінде атыс болды. Соңғы мәлімет бойынша төтенше оқиға салдарынан үш адам қайтыс болып, 12 адам жарақат алды. Полиция күдіктінің кім екенін бірден анықтады. Ол – бұрын сотталған 29 жастағы жергілікті тұрғын.

Еске салайық, Франция астанасында қарашаның ортасынан бері жаппай тәртіпсіздік те болып жатыр. “Сары жилеттер” қозғалысының өкілдері үкіметтен жанармай бағасын төмендетуді талап етіп, көтеріліс ұйымдастырды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Әлихан