Financial Times: Теңге - Еуропа мен Азиядағы ең тегеурінді валюта
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды

Стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды
фото: ашық дереккөз

Алматыда 21 тамызға жоспарланған стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды ұйымдастырушыларға сілтеме жасап kznews.kz.

"Central standup Almaty" стендап-клубының Instagram-дағы парақшасында Ғалым Қалиақпаровтың Алматыдағы концерті болмайтыны туралы ақпарат жарияланды.

"Іс-шара тоқтатылды. Бұл ұйымдастырушыға байланысты емес. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Афишада көрсетілгендей, концерт ертең, 21 тамызда өтуі керек еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғалым Қалиақпаровтың Астанадағы концерті кенеттен тоқтатылған еді.

Есіл ауданының әкімдігі  19 тамыздағы концерттің ресми түрде келісілмегенін мәлімдеді. Ұйымдастырушылар іс-шара өткізілгенге дейін 10 күн бұрын әкімдікке міндетті хабарлама жібермеген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.