Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шри-Ланка қазақстандықтар үшін елге кіру визасын тегін етеді

Шри-Ланка қазақстандықтар үшін елге кіру визасын тегін етеді
Фото: ашық дереккөзден

Шри-Ланка Қазақстан азаматтары үшін виза алымын алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жаңа ереже күшіне енсе, туристерге 30 күндік тегін виза берілуі мүмкін. Бірақ жүйенің қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды kznews.kz VisasNews порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақпарат осы елдің парламенті 2026 жылғы 7 мамырда иммиграция және эмиграция туралы заң аясында жаңа ережелерді мақұлдағаннан кейін пайда болды. Шри-Ланка Қазақстанды қоса алғанда 40 елдің азаматтары үшін виза алымын уақытша алып тастамақ.

БАҚ мәліметінше, бұл бастама туризмді қолдауға бағытталған. Виза алымын алып тастау арқылы елге қосымша шамамен 247 мың турист тартылып, олардың шығындары есебінен экономикаға 300 миллион доллардан астам кіріс түсуі мүмкін деп болжанып отыр.

Туристік сапарлар үшін бір жыл ішінде 30 күнге дейін тегін виза беру мүмкіндігі туралы болып отыр. Алайда қазіргі уақытта жүйе бұрынғы тәртіппен жұмыс істейді: елге кіруге арналған ETA электронды рұқсатын тек ақылы түрде рәсімдеуге болады. Шри-Ланка билігі жаңа ереженің нақты қашан күшіне енетінін әлі жариялаған жоқ.

Тегін виза берілетін елдер тізіміне:

Қазақстан;

Ресей;

Қытай;

Үндістан;

Ұлыбритания;

АҚШ;

Германия;

Франция;

Оңтүстік Корея;

БАӘ және тағы басқа бірнеше мемлекет кірген.

Бұған дейін мұндай жеңілдік тек 7 елдің азаматтарына – Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Малайзия, Ресей және Таиландқа ғана қолданылған болатын.

Дегенмен бұл толық визасыз режим емес. Жаңа ереже күшіне енсе де, туристерге бәрібір ETA – электронды сапарға рұқсат алу қажет болады. Яғни өзгеріс тек виза алымына қатысты. Ал өтініш беру тәртібі мен алдын ала рәсімдеу жүйесі сақталады.

Шри-Ланка қоғамдық қауіпсіздік және парламенттік істер министрі Ананда Виджепала атап өткендей, ETA жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақталады. Сондықтан виза үшін төлем алынбаса да, елге кіру бақылауы жалғаса береді.

Дегенмен Ресейдегі Шри-Ланка елшілігі бұл жүйе әзірге жұмыс істеп тұрмағанын мәлімдеді. Айтуынша, әзірге барлық бұрынғыша виза ақылы түрде жасалуда. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.