KZNews.kz
Қоғам

СҚО-да ауыл тұрғыны көшеде жартылай жалаңаш шығып, өзін пышақтаған

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншо

Видеодан көрініп тұрғандай, ауыл тұрғыны мас күйінде өзіне пышақ жарақатын салған кейін көшеге шығып айғайлаған. Ол сөйлеген сөздерінде үнемі өзіне «шайтан» кіретінін, оны өлтірмек ниетінде екенін айқайлап тұрған. 

Полиция қызметкерлері ер адамды қолға түсіріп, дереу дәрігерлерге тапсырды. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде оның жарақаттары алкогольдік маскүнемдік жағдайында өз-өзін жарақаттаудан туғаны анықталған. Оқиға бойынша материалдар тіркеліп, номенклатуралық іс ашылды деп хабарланды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамға жедел медициналық көмек көрсетілгенін және оның одан әрі бақылауға алынғанын жеткізді. 

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары