Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-дағы екі жоғары лауазымды экс-судьяға үкім шықты

СҚО-дағы екі жоғары лауазымды экс-судьяға үкім шықты
Фото: Ашық дереккөзі

Петропавлда соңғы жылдары қоғам назарын аудартқан сот процестерінің бірі мәресіне жетіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы соттардың бұрынғы төрағаларына үкім оқылды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Сот шешіміне сәйкес, СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының экс-төрағасы Бекбол Баймаханов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында, Ұлттық банкте әрі өзге де мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар 1,2 млн теңгені тәркілеу туралы қаулы шықты.

Екінші айыпталушы – Петропавл қалалық №2 сотының бұрынғы төрағасы Ерлан Ибраев 6 жылға сотталды. Оған да мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда және қаржы ұйымдарында өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот шешімімен оның 2,25 млн теңгесі тәркіленбек.

Іс материалдарында тергеу тарабы «Керек» шешім үшін ақша беру фактілерін алға тартқан. Айыптау нұсқасына сәйкес, эпизодтардың бірінде Баймаханов коллекторлық агенттікке ірі жер дауын «ыңғайлап беруге» келісіп, 50 мың доллар алмақ болған. ҰҚК қызметкерлері ұстағаннан кейін 15 мың доллар оның қызметтік кабинетінің өзінен табылғаны айтылды.

Сондай-ақ тергеу Баймаханов пен Ибраев мемлекеттік сатып алуда «сенімсіз жеткізушілер» тізіміне кіріп кетпеуді көздеген жол компаниясынан да ақша алды деп көрсетеді. Мәліметке сүйенсек, кәсіпкер тиімді шешімге үміттеніп, 2,5 млн теңге берген.

Бұл іс бойынша басқа тұлғаларға да жаза кесілді: юрист Артём Иванов 6 жылға сотталды, кәсіпкерлер Гамлет Мелконян 4 жылға колонияға жіберілді, ал Геворг Погосян 3,5 жылға сотталды. Олардың бәріне де мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында және Ұлттық банкте өмір бойына қызмет атқаруға тыйым салынғаны хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Баймахановқа 12 жыл, Ибраевқа 7 жыл сұраған. Ал қорғау тарабы істің «арандатуға құрылғанын» айтып, жеңілірек шешім шығаруды өтінген. Дегенмен сот үкімі өзгеріссіз жарияланып, бұрынғы сот басшыларына нақты түрме жазасы тағайындалды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер