ШҚО-да түрмеден қашқан сотталушы 5 сағаттан соң қайта ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да түрмеден қашқан сотталушы 5 сағаттан соң қайта ұсталды

ШҚО-да түрмеден қашқан сотталушы 5 сағаттан соң қайта ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да сотталушы түрмеден қашып, бес сағаттан кейін Жетісудан табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтық үшін жазасын өтеп жүрген сотталушы түзеу мекемесіне қайтып оралмай, басқа өңірге қашып кеткен.

Ер адам ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №24 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген. Оған мекеме аумағынан тыс жерде жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Сотталушы таңертең жұмысқа кеткенімен, кешке мекемеге оралмаған. Осыдан кейін ҚАЖ қызметкерлері оны іздестіруге кіріскен. Бес сағат ішінде оның қай бағытқа кеткені анықталып, ер адам Жетісу облысының аумағында ұсталды.

ШҚО бойынша ҚАЖД ресми өкілі Салтанат Ожиканованың мәліметінше, сотталушының қозғалыс бағытын анықтауға ШҚО ҚАЖД және Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған.

Қазір сотталушы ұсталды. Жазасын өтеуден жалтару дерегі бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.