Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да 7 мыңнан астам құс қырылған: тұрғындарға өтемақы төлене ме

СҚО-да 7 мыңнан астам құс қырылған: тұрғындарға өтемақы төлене ме
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында үй құстарының жаппай қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, 21 шаруашылықта жалпы 7236 құс қырылған, оның 98%-ы үйректер.

"Олардың ішінде сондай-ақ индюктер, үйрек және басқа да үй құстары бар. Бүгінгі күні ветеринария заңы бойынша бізде Ұлттық ветеринарлық референттік орталық бар, онда біз сараптама жасап, осы құстардан инфекцияларды анықтаймыз. Бүгінгі диагноз  пастереллез. Қазіргі уақытта бұл ауылда облыстық эпизоотизияға  қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Құстардың шамамен 90%-ы жойылды", - деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өтемақы мәселесіне де түсініктеме берді. Нұрмұхамбетовтің айтуынша, пастереллез анықталған жағдайда заң бойынша өтемақы қарастырылмаған.

"Бірақ тәжірибемізде Бугров ауылында да осындай жағдай болған еді. Бүгін аудан әкіміне тапсырма берілді. Шаруалармен бірге қаражат іздестіріп, құстардың құнының кем дегенде 50%-ын өтей алатындай шешім қабылдауы тиіс", - деп түйіндеді ол.

Қыркүйек айының соңында хабарланғандай, белгісіз аурудан Солтүстік Қазақстан облысының аумақтарында жүздеген үйрек, қаз және тауық қырылып қалған.

Кейінірек ветеринарлар Солтүстік Қазақстан облысы Бугровое ауылында үй құстарының жаппай өлуінің себебін анықтады. Ветеринарлардың пікірінше, басты себеп  пастереллез.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі