"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да 3 жасар қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Анасы қамауға алынды

СҚО-да 3 жасар қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Анасы қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында 3 жасар қыз жансақтау бөліміне түсіп қалды.

Ол 17 қаңтарда балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерге әкелгенде денесінде түрлі жарақаты болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, баланың анасы денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 106-бабы, "Кәмелетке толмағанға қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің бұрын құқық қорғау органдарының назарында болмағандығы анықталды, деп атап өтті құзырлы ведомствадағылар.

22 жастағы жас ана Петропавл қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор
Данияр