KZNews.kz
Шоу-бизнес

Спутник үлкен мұз кратердің суретін жариялады - Ғылым-Бiлiм

KZNEWS

Еуропаның ғарыш агенттігі Марстағы мұз толған кратердің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Суретте үлкен дақ немесе қар тұрған сияқты. Алайда бұл олай емес, суретте Марстағы Королевтің кратері бейнеленген", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Кратерге белгілі зымыран құрастырушы Сергей Королевтің есімі берілген. Кратердің тереңдігі - 1,8 шақырым, диаметрі - 60 шақырым. Кратердегі ауа төмен түсіп, мұздың еруіне жол бермейді екен.

Бұл сурет Mars Express спутнигінің көмегімен түсірілген. Ол спутник 2003 жылы 3 маусымда ұшырылып, Марсқа алты айдан соң жеткен еді.


© esa.int

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары