Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Спортшы граната жарылысынан жарақат алды

Спортшы граната жарылысынан жарақат алды

UFC-де жұдырықтасатын бразилиялық файтер Алекс Оливейра граната жарылысынан жарақат алды.

Оқиға спортшының отанында болған. Оливейра жанармай бекетіне бара жатып, туыстарының біреулермен жанжалдасып жатқанын байқайды. Оның сөзінше, бейтаныс адамдар қарулы болған және олардың бірі файтердің жиеніне тапанша тақаған. Оливейра көліктен шығып көмектеспек болады, осы сәтте оған қарай граната ұшқан. 

Граната файтерден алыстау жарылған, дегенмен, ол аяғынан жарақат алады. Кейін Оливейра ауруханаға жетіп, ол жерде спортшының аяғына ота жасалды. Оливейра соңғы рет UFC 231 турнирінде Гуннар Нельсонмен жұдырықтасып, екінші раундта тұншықтыру тәсіліне түсіп қалған еді. Жалпы бразилиялық 18 жеңіске жетіп, алты рет жеңілген және бір жекпе-жегінде тең түскен. Сонымен бірге, ол жұдырықтасқан екі жекпе-жек қорытындысыз қалған. 

Дереккөз: vesti.kz

Автор
Санжар