Білім

Спорт түрлері 4сынып

Спорт түрлері 4сынып


Спорт түрлері 4сынып

Автор: Суйншкалиев Арсен Курмангалиевич

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-29

Материал туралы қысқаша түсінік

әдістемелік көмек

Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері 4 сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: сабақ барысындағы сөздердің мағынасын, мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру. Дамытушылығы: оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру. Тәрбиелігі: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, әдемілікке, сұлулыққа құштарлықтарын ояту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың құралдары: кітап, дәптер, қалам, маркер, қарындаш, постер, интерактивті тақта, үнтаспа, видео.
Пән аралық байланыс: денешыңықтыру, тарих
Оқу нәтижелері: спорт адамға қандай көмегін көрсетеді, спорттың пайдасы неде.
Түйінді идеялар: спорт туралы жалпы түсінік беру және спорттың керектігін.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: топтық жұмыс, бағалау парағы, өз-өзін бағалау, топтық жұмысыты бағалау,
Сабақтың жоспары: І. Кіріспе бөлім 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Білімдерін тексеру. Суреттің қиындыларын құрай отырып, оқушыларды екі топқа бөліп,тиісті тапсырмалармен таныстыру.Ітоп боксшылар, ІІтоп футболшыларІІ. Негізгі бөлім
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру
  • - Спорт деген не?- Сен спортпен айналысасың ба?- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?- Қандай спорт түрі ұнайды?- Қандай белгілі спортшыларды білесіңдер?- Спорт үйірмесіне барасың ба?- Самат Смақов,Серік Сәпиев,Алексей Полторанин, Жансая Әбдімәлік,Генадий Головкин бұл спортшылар кімдер?

    Спорт туралы слайд, видео көрсетіледі.

    Спорт туралы нақыл сөздер:1. Тәні саудың - жаны сау.2. Шынықсаң, шымыр боларсың!3. Спорт - саулық кепілі.4. Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керекӘл-Фараби5. Көп жасау - деннің саулығы, бақытты болу - адамның өз қолындағы ісі.А. М. КирхенштейнСөздікпен жұмыс: 1-тапсырма. Сөз тіркестерін құрап жазыңдар:

    даму-развиваться , пайдалы-полезныйденені дамыту, спортты дамыту, пайдалы спорт, пайдалы жаттығу2-тапсырма.Мәтінді тыңда. Сөйлемдерді аударыңдар.Қазақстанда спорт жақсы дамыған.Спорт адам денсаулығына пайдалы.Спорттың түрлері өте көп.Маған спорттың барлық түрі ұнайды.3-тапсырма. Сөйлеп үйрен, ІІ жақта айт. Мен ........... бүгін боксқа барамын.жақсы жүгіремін.футбол,волейбол,баскетбол ойнаймын.теледидардан хоккей көремін.4-тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.Футбол, шахмат.5-тапсырма.Толықтырып жаз.Мен бүгін стадионға (пойду).Сен кеше теледидардан футбол (смотрел).Мен досыммен шахмат (играю).Сен көшеде велосипед (катаешься).Мен спортзалда көп (бегаю).

    6-тапсырма. Сөйлемдерімізде сөздер түсіп қалған, соны сендер орнына дұрыс қойып, сөйлемді аяқтаңдар. Сөйлемдерді аяқтап жаз.

  • Бос уақытымда мен.... 2. Маған.... ұнайды.
  • 3. Кейде... барамын.4. Мен... айналысамын. 5. Мен... жақсы көремін. Көмекші сөздер: сурет салғанды,кітап оқимын, киноға, футбол, бокспен.Бекіту : Бір біріне сұрақ қою арқылы бекіту
  • Спорттың пайдасы қандай?
  • Қандай қазақтың ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?
  • Қазақстанда спорттың қай түрінен атақты чемпиондарды білесіңдер?
  • Бағалау:Үйге тапсырма: Өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы шағын мәтін құраңдар.

    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

    Ұқсас материалдар

    Барлығы
    KZNews.kz