KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Спорт мектебінің мамандарына оқушыларын киноға апаруға міндеттеген

• Әлихан

Ашхабадта спорт мектептерінің жаттықтырушыларына жұмыстан тыс оқушыларын өз есебінен киноға алып баруға міндеттеген.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, қараша айында күшіне енген талапқа сәйкес, әрбір мұғалім кемінде бес-алты оқушыны ертіп, киноға бару керек, - деп жазады Сentralasian.org.

Кинотеатрларда билет құны 2,5 манат ( Түркіменстан Орталық банк бағамы бойынша, 1 доллар – 3,5 манат ) тұрады.

Мәліметтерге қарағанда, Ашхабадтағы кинотеатрлардың репертуарлары соңғы жылдары жаңартылмаған.

Мұғалімнің бірі мұны кинотеатр залдарын толтыру үшін, қала билігінің ойлап тапқан жоспары дейді.

Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →