Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сотталушының анасы 10 миллион ұсынды”: Әл-Фараби бойындағы апат туралы бар шындық айтылды

“Сотталушының анасы 10 миллион ұсынды”: Әл-Фараби бойындағы апат туралы бар шындық айтылды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан қаза тапқан 20 жастағы қыздың әкесі сотталушыны кешірмейтінін және оған қатаң жаза тағайындалуы үшін күресетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әкесінің айтуынша, ол қызын туған күнінен бастап өзі тәрбиелеп, өсірген. Сондай-ақ айыпталушы тарапынан ұсынылған қаржылай өтемақыдан бас тартқанын мәлімдеді.

«Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен оны кешірген жоқпын және ешқашан кешірмеймін», – деді ол.

Сонымен бірге әке айыпталушының ата-анасымен кездескенін, олардың кешірім сұрағанын айтты. 

"Айыпталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен оны кешірген жоқпын және ешқашан кешірмеймін. Мен Тараздағы ата-анасының үйіне бардым. Оның әкесі менен көз жасын төгіп кешірім сұрады", - дейді ол.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.