Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сот залынан тұтқындалған механик шартты жазамен бостандыққа шықты

Сот залынан тұтқындалған механик шартты жазамен бостандыққа шықты

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ақтөбеде журналист өлімінен соң сот залынан тұтқынға алынған механик Жарылқасын Ақжанов бостандыққа шықты. Ол барлық моралдық шығынды өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында журналист Айзат Әбдісаматтың өлімінен соң қылмыстық іс сотта қаралып, «Жанабек Сервис» ЖШС-нің директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды.

№2 қалалық соттың шешімімен Кенен Жанабеков 4 жылға шартты түрде, Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіріп, облыстық сотта шешім шықты.

«Жарылқасын Ақжановтың 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Сотталушы апелляциялық шағым түсіргенге дейін моральдық шығынды толық өтеді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Санжар