Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сот экс-президентке қатысты жазаны күшейтті

Сот экс-президентке қатысты жазаны күшейтті
pexels.com

Сәрсенбі күні апелляциялық сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль ісі бойынша үкімді қайта қарап, оның жаза мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Бұған дейін, 2026 жылдың қаңтарында бірінші сатыдағы сот экс-президентті 2024 жылдың желтоқсанында қысқа мерзімге әскери жағдай енгізуіне байланысты бес жылға бас бостандығынан айырған еді. Ал прокуратура оған 10 жыл жаза сұраған болатын.

Апелляциялық сот шешіміне сәйкес, Юн Сок Ёль өткен жылы тергеушілердің оны ұстауына кедергі келтіргені үшін кінәлі деп танылып, жаза мерзімі қатаңдатылды.

Айта кетейік, ол 2025 жылдың шілдесінен бері қамауда отыр. Сол уақытта экс-президент 2024 жылғы желтоқсандағы сәтсіз әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты қайта тұтқындалған. Қазіргі таңда оған қатысты сегіз бірдей іс қозғалған.

Сонымен қатар, негізгі іс бойынша 2026 жылдың ақпан айында сот оны әскери жағдай жариялау арқылы бүлік ұйымдастырды деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер