Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шопандардың балаларын әскерге шақыртуды кейінгі қалдыру ұсынысы жасалды

Шопандардың балаларын әскерге шақыртуды кейінгі қалдыру ұсынысы жасалды
Фото: farmhealthonline.com

Шопандардың балаларын әскерге шақыртуды кейінгі қалдыру ұсынысы Қорғаныс министрлігімен бірлесе пысықталады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.
    — Жұмыс істеп жүрген бақташылар мен шопандардың балаларын әскери (мерзімді) қызметке шақыруды кейінгі қалдыру мәселесін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайлар қалыптастыру бөлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп бақташылар мен шопандардың 55 жасқа толғанда арнайы әлеуметтік төлем алуы құқығын қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр. Осы мақсатта Еңбек министрлігінің бұйрығына толықтыру енгізу ұсынылады, — деді А. Бердалин Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылау кезінде.

Сенаттағы баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап беру кезінде вице-министр бұл ұсыныс шопандардың балаларын мүлдем әскерге шақыртпауды білдірмейтінін нақтылады. 

    — Бұл тұрғыда шақырту мерзімін кейінге қалдыруды айтып отырмыз. Мәселен, елде әулетімен мал шаруашылығында жұмыс істеп жүргендер бар. Олардың арасында жоғары нәтиже көрсетіп жатқандары да баршылық. Шаруашылықтағы қарбалас кезеңінде әкелеріне балаларының көмегі керек болады. Сондықтан мал шаруашылығының дамуы бағытында әскерге шақырту мерзімін кейінгі қалдыру ұсынысы жасалды. Осының бәрін Қорғаныс министрлігімен бірлесе пысықтау керек, — деді Аманғали Бердалин.

Еске салсақ, жақында Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады. Кешенді жоспарды жүзеге асыру ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа және ұсақ мал санын 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғайтуды көздейді.

Мұнымен қоса, кешенді жоспардың жобасында саланы кадрлармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайлар жасау, оның ішінде шопандар мен қойшылардың 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер алу құқығын қамтамасыз ету, мамандар үшін тұрғын үй құрылысын салу және тағы да басқа шаралар көзделген.

Осыған дейін елде қойшылар мен бақташылардың зейнет жасын төмендету мүмкіндігі айтылған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.