Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстікке газ қашан жетеді? Қытай бағыты тоқтағанмен, Астанадан Петропавлға дейінгі алып жоба іске қосылады

Солтүстікке газ қашан жетеді? Қытай бағыты тоқтағанмен, Астанадан Петропавлға дейінгі алып жоба іске қосылады
Фото: azh.kz

Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру мәселесі қайта күн тәртібіне шықты. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған бағытта екі бірдей стратегиялық шешім қарастырылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашқысы - Қазақстан мен Қытай арасындағы газ құбырын еліміздің аумағы арқылы өткізу жөніндегі жоспар болған. Алайда қазіргі келіссөздер барысы бұл бағыттың уақытша тоқтағанын көрсетіп отыр. Себебі Қытай тарапы құбырды Моңғолия арқылы жүргізу нұсқасына басымдық берген. Дегенмен министрлік бұл келіссөздер толық жабылған жоқ екенін, диалог әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.

Екінші, әрі нақты іске асатын шешім - Ресеймен бірлескен «Ишим – Астана» жобасы. Жоспарға сәйкес, 2027 жылдан 2030 жылға дейін Астана – Көкшетау – Петропавл бағыты бойынша магистральды газ құбыры салынып, көгілдір отын солтүстік өңірлерге жеткізіледі. Бұл жоба жүзеге асса, елордадан бастап Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары толық газдандыру мүмкіндігіне ие болады.

Вице-министрдің сөзінше, солтүстік аймақтар газға қосылғаннан кейін жұмыс мұнымен тоқтамайды. Келесі кезеңде шығыс өңірлерге дейін газ жеткізу үшін қажетті құбыр желілері мен газ көлемі қайта есептеліп, жобалық құжаттар әзірленеді. Яғни, бұл — елдің энергетикалық картасын түбегейлі өзгертетін ұзақмерзімді жүйелі жұмыстың бастамасы.

Сарапшылар мұны өңірлердің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, өнеркәсіп пен инфрақұрылым дамуына серпін беретін маңызды қадам деп бағалап отыр. Ең бастысы — көп жылдан бері көмірге тәуелді болып келген солтүстік аймақтар үшін бұл шешім әлеуметтік тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да стратегиялық мәнге ие.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.