Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады

Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
Фото: ашық дереккөздерден

Бұйырса, 2035 жылға қарай елдегі газдандыру деңгейі 80 пайызға дейін жетеді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, осы мақсатқа жетудегі негізгі жобалардың бірі «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу болып отыр. Жоба елорданы және Көкшетау мен Петропавл қалаларын табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, былтыр 9-қазанда ел Үкіметі мен ресейлік "Газпром" компаниясы аталған магистральдық газ құбырының құрылысын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойған. Жоба Солтүстік Қазақстан өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын қалыптастырып, өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 64,2 пайызға жеткен. Соның нәтижесінде 13,1 миллион қазақстандық табиғи газға қол жеткізіп отыр.

Жалпы, солтүстік өңірлерді газдандыру халықтың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, көмірге тәуелділікті азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар жаңа газ құбыры елдің энергетикалық инфрақұрылымын нығайтып, табиғи газды тұтыну көлемінің тұрақты өсуіне негіз қалайды деген сенім бар.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.