Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Корея жаңа зымыран сынағанын растады (видео)

Солтүстік Корея жаңа зымыран сынағанын растады (видео)

КХДР тактика жүргізуге арналған, басқарылатын зымыранның жаңа түрінің екеуін сынағанын мәлімдеді. Бұл туралы Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

25 наурызда Пхеньян Жапон теңізіне қарай екі зымыран ұшырғанын Оңтүстік Корея әскерінің қызметкерлері айтқан. Зымырандар шамамен 600 километрге ұшып, нысанаға тиген. Олар екі жарым тонналық оқтұмсықтарды алып ұша алады.

КХДР басшысы Ким Чен Ын сынақ өткізу кезінде болмаған.

Жапония бұл сынақ аймаққа қауіп төндіретінін мәлімдеді. Токио Пхеньянға наразылық білдірген.

21 наурызда Солтүстік Корея екі қанатты зымыран ұшырды. Олар Сары теңізге құлады.

Вашингтон Пхеньянның бұл әрекетін сынады. Дегенмен АҚШ президенті Джо Байден Солтүстік Кореяның сынақтарын арандатушылық деп есептемейді.

Автор
Еркебұлан