Өзіміздің өндіріс шикізат шынжырын үзе ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Кипрде қазақстандық бойжеткен пышақ жарақатын алды

Солтүстік Кипрде қазақстандық бойжеткен пышақ жарақатын алды
Пышақ ұстаған адам. Көрнекі фото: Paul Bradbury/Getty Images

Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде Қазақстан азаматының пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Telegram желісіндегі "Криминальный Казахстан" арнасының мәліметінше, оқиға Никосия қаласындағы Metropol Market супермаркетінде болған. 22 жастағы қазақстандық бойжеткен ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Жергілікті полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, 3 тамыз күні шамамен сағат 11:45-те белгісіз ер адам анықталмаған себеппен қызға пышақ салған. Артынша ол өзіне де жарақат келтірген.

Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазақстандық бойжеткеннің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және жергілікті құзырлы органдармен байланыста. Қосымша ақпарат ресми мәліметтердің түсуіне қарай беріледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бақылауына алынды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер