Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Соликамск шахтасындағы жұмысшылар қазасына байланысты төрт адам ұсталған

Соликамск шахтасындағы жұмысшылар қазасына байланысты төрт адам ұсталған

Ресейдің Пермь облысы Соликамск ауданындағы шахтада сенбі күні шыққан өрттен тоғыз жұмысшы мерт болған. Ресей Тергеу комитеті қылмыстық кодекстің "Тау-кен, құрылыс және өзге жұмыстарды атқару кезінде екі және одан көп адамның өліміне апарып соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғаған. Құқық органдары мердігер ұйымның төрт қызметкерін ұстаған. Бұл туралы Тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Ұсталғандардың арасында тау-кен шеберлері Андрей Купришкин мен Игорь Чукаев, шахта құрылысы кешені учаскелерінің басшылары Максим Канищев пен Андрей Артюхин бар.

Желтоқсанның 22-і күні таңертең Соликамск ауданындағы тау-кен шахтасындағы кеніште салынып жатқан құрылыс жұмыстары барысында өрт шығып, салдарынан сол кезде шахтада болған мердігер ұйымның тоғыз қызметкері қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Арман