Түйені түгімен жұтқандар: Салықтан жалтарудың жаһандық қасіреті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шоколад адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді

Шоколад адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді
Фото: Ашық дереккөзі

Шоколад адамға тек дәм сыйлап қана қоймай, көңіл күйіне де әсер ететін өнімдердің бірі саналады. Психолог Надежда Ерофееваның айтуынша, оның әсері тек құрамындағы заттармен емес, адамның жадындағы жылы естеліктермен де байланысты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі «Вечерняя Москва» басылымына сілтеме жасап.

Шоколадты көпшілік жай ғана тәтті тағам деп қабылдайды. Алайда ол кей сәтте адамның жан дүниесіне жұбаныш беріп, көңілін серпілтетін ерекше әсерге ие.

Психолог Надежда Ерофееваның сөзінше, шоколадтан алынатын ләззат бірнеше қабаттан тұрады. Оның қанық дәмі, ауызға салған сәттегі жағымды әсері және одан кейінгі қанағат сезімі адамға ішкі жайлылық сыйлайды. Көпшілік үшін шоколад тыныштықпен, жылылықпен, тіпті қауіпсіздік сезімімен астасып жатады.

Маман тәтті тағамның дофаминнің бөлінуіне ықпал ететінін айтады. Бұл — адам бойында қуаныш, сергектік және ләззат сезімін оятатын маңызды гормондардың бірі. Әсіресе какао дәндерінің құрамында тирозин, фенилэтиламин және теобромин секілді заттар болады.

«Олардың барлығы эндорфин деңгейін жоғарылатып, эмоционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, шоколад құрамында триптофан бар – бұл серотонин өндірісіне қатысатын аминқышқыл. Психологтың айтуынша, серотониннің қалыпты деңгейі адамның өзіне сенімді, теңгерімді және жайлы күйде болуына көмектеседі. Ал оның жетіспеушілігі керісінше – енжарлық пен тіпті депрессия белгілерін тудыруы мүмкін», – деді маман.

Психологтың пайымынша, шоколадтың адамға әсері тек оның химиялық құрамымен шектелмейді. Кей жағдайда ол балалық шақты, отбасылық дастарқанды, мерекелі күндерді немесе адам өзін бақытты сезінген мезеттерді еске түсіреді. Сондықтан шаршаған не жалғызсырап жүрген сәтте шоколадқа деген ықылас күшейсе, бұл кейде тек тәттіге әуестік емес, жанның өткендегі жайлы күйге қайта оралғысы келуі болуы мүмкін.

«Көпшілік үшін шоколад – жай ғана тағам емес, жанға тыныштық сыйлайтын "комфортты ас". Ол отбасылық мерекелермен, балалық шақпен немесе жылы естеліктермен байланысты. Жалғыздықты немесе шаршауды сезінген сәтте шоколадты аңсау – тек дәмнен ләззат алу емес, адам өзін жақсы сезінген өткенге оралғысы келетін ниет болуы мүмкін», – дейді Ерофеева.

Маманның айтуынша, адамдар шоколад таңдағанда да көбіне санасында сақталып қалған сол бір таныс дәмді іздейді. Яғни бұл таңдау кейде қарынның емес, көңілдің қалауы болуы ықтимал.

Сонымен бірге психолог тәттіні мөлшерден тыс тұтынуға болмайтынын да ескертті. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына назар аударып, күнделікті рациондағы қант мөлшері жалпы калорияның 10 пайызынан аспауы тиіс екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Майами университетінің америкалық биологтары шоколад құрамындағы кадмий атты ауыр металдың ықтимал зиянына қатысты зерттеу нәтижесін жариялаған болатын.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер