Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шок алып қалдым: директор Ақмоншақ Нұртаза қатты шошығанын мәлімдеді

Шок алып қалдым: директор Ақмоншақ Нұртаза қатты шошығанын мәлімдеді
Ашық дереккөз

Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жақында болған жол-көлік оқиғасынан кейін өзінің жағдайы туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, апат болған кезде көлікті өзі басқармаған. Дегенмен оқыс жағдай директорға қатты әсер етіп, қорқыныш пен күйзеліс тудырған.

«Қатты қорқып, шок алып қалдым. Қазір жағдайым жақсы. Жеңіл сынақ деп қабылдадым. Құран бағыштап, дем салдырып, жан садақасын беріп қайттық. Қорқынышым басылғанша LRT-мен жүремін», – деп жазды ол.

Ақмоншақ Нұртаза қазіргі таңда денсаулығының жақсы екенін айтып, болған жағдайды өмірдегі сынақ ретінде қабылдағанын жеткізді.

Желі қолданушылары директорға қолдау білдіріп, тезірек қалыпты өмір ырғағына оралуына тілектестік танытуда.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.