"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Sky Service компаниясының әуе рейстері тоқтатылды

Sky Service компаниясының әуе рейстері тоқтатылды

Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті тікұшағы апатқа ұшыраған Sky Service әуе компаниясының әуе рейстерін тоқтатты. 18 қаңтардан бастап компанияның әуе рейсін жасауына тыйым салынды.

Кеше Алматыдағы "Алатау" санаториінің маңына Sky Service компаниясына тиесілі шағын Eurocopter EC130 тікұшағы құлап, ұшқыш қаза тапқан.

Министрліктің әуедегі төтенше оқиғаларды тексеру департаментінің басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуынша, тергеушілер тікұшақ апатына ықтимал үш себепті - техникалық ақау, ауа-райының қолайсыздығы немесе ұшқыштың қателік жіберу факторын тексеріп жатыр. Ол тікұшақ апатқа ұшырайтын кезде оқиға болған аумақта тұман түскенін айтады. Тікұшақ толық қираған, оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Әлихан