Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сізді әкім етіп сайлаған Аллаға және президентке рақмет айтамын - блогер Шымкент әкіміне

Сізді әкім етіп сайлаған Аллаға және президентке рақмет айтамын - блогер Шымкент әкіміне
Видеодан алынған кадр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Жиын барысында журналист Бақытжан Көпбаев әкімге ерекше алғысын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz

Бақытжан Көпбаев мәслихат залында: «Сіз қызметке келгелі Шымкент айтарлықтай дамып келеді. Қазір халық арасында “қаланы дамытуға үлкен үлес қосқан әкіміміз ауысып кетпей ме?” деген сұрақ жиі айтылады», – деді.

Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде бұрынғы әкімдер де қаланың дамуына аянбай еңбек еткенін атап өтті. Сондай-ақ кадрлық мәселелерге қатысты соңғы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтынын еске салды.

«Қызметте қалу-қалмау мәселесін Президент шешеді. Ал мен қазір қолымнан келгенше қаланың дамуы үшін жұмыс істеп жүрмін», – деді ол.

Журналист брифинг соңында: «Сізді әкім етіп сайлаған Аллаға және Президентке алғыс айтамын», – деп өз ризашылығын білдірді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.