Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев сұхбаттарының бірінде жеке өміріне қатысты ойларымен бөлісіп, белгілі бір кезеңдерде екінші әйел алу туралы ойдың болғанын айтқан, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің сөзінше, кейбір адамдарды көрген сәтте «бұл қыз екінші әйел болуға лайық» деген пікір қалыптасқан кездері кездескен.
Сондай-ақ Сәкен Майғазиев мұндай адамның жұбайы Динарамен де жақсы қарым-қатынас орната алуы мүмкін деп ойлағанын жеткізді.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қолданушылар арасында әртүрлі пікір туғызды. Бірқатар оқырман оның ашық ойын құптаса, енді бір бөлігі көпәйелділік мәселесіне қатысты өз ұстанымдарын білдірді.