Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Синоптиктер қаңтар айында ауа-райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер қаңтар айында ауа-райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  «Қазгидромет» орталығының дерегін негізге алып. 

Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.

«Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 градус  аяз, күндіз 5 градусқа жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.

Автор
Әлихан