"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СІМ АҚШ-та Қазақстан азаматының ұсталуына қатысты пікір білдірді

СІМ АҚШ-та Қазақстан азаматының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: ICE

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстан азаматы Еламан Балтагерей ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресми деректер түскен сайын қосымша ақпарат берілетін болады, – деп хабарлады Ulysmedia.kz басылымына ведомство өкілдері.

АҚШ-тың көші-қон және кеден бақылау қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Еламан Балтагерей елде заңсыз жүргендіктен, былтыр жазда көші-қон соты елде депортациялауға шешім шығарған. Алайда Еламанның өзі сотқа келмеген.

– Еламан Балтагерейді елден шығару туралы түпкілікті сот шешімі бар, терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген тұлға ретінде мақсатты түрде ұсталды. Ол елден депортацияланғанға дейін және жол құжаттары дайындалғанша ICE уақытша ұстау изоляторында болады, – деп жазылған көші-қон және кеден бақылау қызметі таратқан ақпаратта.

Президент Дональд Трамп билік басына келгелі АҚШ-та көші-қон және кеден бақылауы күшейген. Кейінгі жылдары Қазақстан азаматтары АҚШ-қа жұмыс істеуге жиі барады. Туған елін тастап, мұхит асуға негізінен тұрмыстық жағдайдың төмендігі себеп. Олардың кейбірі АҚШ-қа Мексика арқылы заңсыз өтеді. 2024 жылы осы жол арқылы өтпек болған Қазақстан азаматы Кариб теңізіне батып, қаза тапқан.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.