«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады

Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады
Ашық дереккөз

2026 жылдың шілде айында мереке және демалыс күндерін есепке алғанда, қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл айда тек бір ғана мемлекеттік мереке – Астана күні аталып өтеді. Бұдан бөлек, бірнеше кәсіби мереке бар.

Елімізде 6 шілдеде тойланатын Астана күні биыл дүйсенбіге сәйкес келеді.

Сонымен:

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады: 4, 5 және 6 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Аптаның алғашқы жұмыс күні – 7 шілде, сейсенбі.

Алты күндік жұмыс аптасында 2 күн демалыс қарастырылған: 5 және 6 шілде (жексенбі және дүйсенбі). Ал 4 шілде, сенбі – толыққанды жұмыс күні болып қалады.

Дегенмен шілде айы кәсіби және өзге де айтулы мерекелерге бай. Бұл күндер ресми демалыс болмағанымен, ел арасында кеңінен атап өтіліп, сала мамандарына құттықтаулар айтылады.

Кәсіби мерекелер күнтізбесі:

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні

5 шілде – Ұлттық домбыра күні (шілденің алғашқы жексенбісі), Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні

13 шілде – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні, Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні (шілденің екінші жексенбісі)

14 шілде – Нотариат күні

19 шілде – Металлургтер күні (шілденің үшінші жексенбісі)

26 шілде – Сауда қызметкерлерінің күні (шілденің төртінші жексенбісі).

Халықаралық күндер:

6 шілде – Халықаралық кооперативтер күні

9 шілде – Халықаралық атыс қаруын жою күні

11 шілде – Дүниежүзілік халық қоныстануы күні

15 шілде – Дүниежүзілік жастардың дағдылары күні

18 шілде – Халықаралық Нельсон Мандела күні

25 шілде – Дүниежүзілік суға батудан сақтану күні

26 шілде – Халықаралық мангр экожүйелерін сақтау күні

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні

30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні; Халықаралық достық күні.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.