KZNEWS.KZ
Әлем

Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде “Фукидид тұзағы“ туралы айтты

• Айгерім Асылова
Фото:depositphotos.com

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі барысында екі ел арасындағы қарым-қатынаста "Фукидид тұзағына" түспеудің маңыздылығын атап өтті,, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Қытай көшбасшысы әлемнің терең өзгерістер мен "турбуленттілік" кезеңін бастан кешіріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Бейжің мен Вашингтонның жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру және ірі державалар арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделін құру қабілеті екі елдің ынтымақтастығына тікелей байланысты.

"Қытай мен АҚШ "Фукидид тұзағы" деп аталатын кедергіні еңсеріп, ұлы державалар арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделін құра ала ма... бұл - тарихтың, әлемнің және халықтардың алдында тұрған мәселелер", - деді Си Цзиньпин.

Анықтама: Фукидид тұзағы - американдық саясаттанушы Грэхам Аллисон танымал еткен термин. Ол жаңадан күшейіп келе жатқан державаның бщұрыннан келе жатқан ұлы державаны халықаралық гегемон ретінде ығыстыру қаупі туындаған кездегі соғысқа бейімділік тенденциясын сипаттайды.

ҚХР төрағасы Қытай мен АҚШ-тың ортақ мүддесі барлық қайшылықтан жоғары екенін қадап айтты. Ол бір елдің жетістігі екінші ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын да тілге тиек етті.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →