Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ШЫҰ саммитінде ауқымды құжаттар топтамасы қабылданды

ШЫҰ саммитінде ауқымды құжаттар топтамасы қабылданды
Фото: ашықдереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын әлемдік қауымдастық тиімді, ықпалды әрі қажетті халықаралық құрылым ретінде танитынын атап өтті.

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ны дамытудың басым бағыттары жөніндегі көзқарасын жеткізді. Ең бірінші басымдық – Ұйым аясындағы стратегиялық серіктестік пен өзара қолдауды нығайту. Мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады.

Қабылданған негізгі құжаттар:

  • Тяньцзинь декларациясы және ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы.
  • 2026–2030 жылдарға экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы.
  • 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастық жол картасы.
  • Лаосқа ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру.
  • ШЫҰ-ға ТМД жанындағы бақылаушы мәртебесін беру.
  • Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласын 2025–2026 жылдары ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы деп жариялау.
  • ШЫҰ Антинаркотикалық орталығы мен Қауіпсіздік қатерлеріне қарсы әмбебап орталық құру жөніндегі келісімдер.
  • Цифрлық экономика, жасыл өнеркәсіп, энергетика, жасанды интеллект, көпжақты сауда жүйесін қолдау, ғылым мен инновацияны дамыту жөніндегі бірқатар бірлескен мәлімдемелер.
  • ШЫҰ мен Қытай үкіметі арасындағы хаттамаға толықтырулар және “Росконгресс” қорымен ынтымақтастық туралы меморандум.
  • Ұйым қызметі туралы жылдық есептер.
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен БҰҰ құрылғанына 80 жыл толуына арналған мәлімдеме.
Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.