«Қазақстан азаматтары Израильге визасыз кіреді»: СІМ мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттік әйелдің блефаропластикадан кейін бір көзі көрмей қалды

Шымкенттік әйелдің блефаропластикадан кейін бір көзі көрмей қалды
фото: ашық дереккөз

Бас прокуратураның хабарлауынша, сотталушы медициналық қызмет көрсетуге қажетті рұқсат құжаттары мен тиісті маман сертификаты болмағанына қарамастан, пластикалық хирургия саласында қызмет көрсеткен. Операциядан кейін жәбірленушінің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.

Шымкентте тиісті сертификаты мен лицензиясы болмай, пластикалық хирургиямен айналысқан азамат сотталды. Ол жасаған блефаропластика операциясынан кейін пациенттің бір көзі көрмей қалған, деп хабарлайды kznews.kz

Бас прокуратураның хабарлауынша, сотталушы медициналық қызмет көрсетуге қажетті рұқсат құжаттары мен тиісті маман сертификаты болмағанына қарамастан, пластикалық хирургия саласында қызмет көрсеткен. Операциядан кейін жәбірленушінің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.

— Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы 3 жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Абай ауданының прокуратурасы лицензиясы мен тиісті біліктілігі жоқ адамдардан медициналық қызмет алу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүкті әйелге бір мезгілде екі ота жасалғанын хабарлаған едік.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.