KZNews.kz
Шоу-бизнес

Шымкентте жеті жастағы бала ашық қалған шұңқырға құлап көз жұмды

Айжан Сыланова
Фото: gov.kz

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір болған жайттың мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиға 12 сәуір күні Тұран-1 шағынауданында болған. Сағат 17:00 шамасында үйінен шыққан бала бірнеше сағаттан кейін тереңдігі шамамен екі метр болатын, суға толған шұңқырдан табылған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлерге арналған септик ретінде қазылған. Алайда құрылыс жұмыстары тоқтап қалып, шұңқыр ашық күйінде қалған. Уақыт өте келе ол лас сумен толып кеткен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →