KZNews.kz
Қоғам

Шымкентте жастарға бөлінген 500-ге жуық пәтер заңсыз пайдаланылған

Ayzhan Sylanova
Фото: inbusiness.kz

Тексеру қорытындысы бойынша жеңілдетілген жалдау шартымен берілген 500-ге жуық пәтердің заңсыз таратылғаны белгілі болды. Кейбір азаматтардың өз атына басқа баспана тіркелген, ал енді біреулері мемлекеттен алған пәтерлерін үшінші тұлғаларға жалға беріп, пайда тапқан.

Әкімдік мәліметінше, талапты бұзғандардан пәтерлер кері қайтарылып, қаланың коммуналдық меншігіне өткізіледі. Ал ерікті түрде босатудан бас тартқандарды сот шешімімен шығару жоспарланған.

«Тұрғын үй саясаты басқармасына ескерту берілді. Қазір мәселе бақылауда, тиісті шаралар қабылдануда. Бағдарлама шарттарын бұзған 439 тұрғынға қатысты пәтерден шығару туралы сотқа талап арыз жолданды. Қазіргі таңда екі іс бойынша шешім әкімдік пайдасына шықты», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары