Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкентте үшем дүниеге келді

Туылғандағы салмақтары 1300-1700 грамм, бойлары 38-40 см болыпты.

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 35 жастағы бақытты ана Динара Нәлібаева екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Осылайша жыл басынан бері Шымқалада үшінші үшем жарық дүние есігін ашты деп жазады отырар.кз.

Осман, Омар, Зейнеп есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Бүгін перзентханадан шығарылады деп күтілуде. Үшем қарашаның 24-не 33 апталық кезінде ота тәсілімен туылған.

Туылғандағы салмақтары 1300-1700 грамм, бойлары 38-40 см болыпты. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, әрқайсысы 2600 грамм тартады екен. Динара Нәлібаеваның бұған дейін тағы екі қыз бір ұлы болған, осылайша жас ана алты баланың анасы атанып отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Санжар