KZNews.kz
Шоу-бизнес

Шымкентте тойда жас-жұбайларға VIP-нөмір сыйға берілді

KZNEWS
 

Видеодан кадрлар

Шымкентте жас-жұбайларға тойға автокөліктің VIP-нөмірі сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ерекше сыйлықтың видеолары әлеуметтік желілерде тарады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалы бұл нөмірдің 228 АЕК - 665 мың теңгеге ресми түрде сатып алынғанын хабарлады. Мемлекеттік корпорация видео кейіпкері тойға аз уақыт қалғанда күйеу жігітпен бірге алғанын атап өтті. "2021 жылдың 4 қазанында әлеуметтік желілердегі видеодағы клиент Шымкент қаласының арнайы орталығына келіп, нөмір сатып алды. Сатып алған нөмір бірден күйеу жігітке тіркелді", - деді Шымкенттегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының PR-менеджері Алтынай Татаева. Қазақстанда сұранысы жоғары мемлекеттік нөмірлерді ресми түрде сату 2014 жылы басталды.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары