KZNews.kz
Саясат

Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша апелляциялық сот басталды

Torgyn Abushakhman

Шымкентте қала басшысының бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі апелляциялық сотқа берілді. Жамбыл жұртты дүрліктірген қылмыстық іс қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айыпталушының әкесі Жиембай Пралиев соттан баласы Ернар Жиембайдың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа шығаруды сұрайды. 

“Прокуратура заңды қадағалаушы орган ретінде іс әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігімен қайта саралады. Бұл бап бойынша кінәлі деп танып, ішінара мойындауына байланысты ең төменгі жаза тағайындауды сұраймын”, – деді.

Айта кетейік, биыл сәуірде Шымкент әкімдігінің алдында Руслан Берденов оққа ұшқан еді. Сол кезде “Адам өлтіру” бабымен Тұрғын үй Шымкент компаниясының басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда қос тарап бұл жазаға келіспей, сотты апелляцияға берген.

Сотталушының адвокаттары оқ шенеунікке емес, аспанға атылды деп ақталса, жәбірленуші жақ іс 99-баптың басқа бөлімі бойынша қаралуын қалайды. Бұл бап бойынша жаза мерзімі 15 жылдан өмір бойына дейін қарастырылған.

Қанды оқиғадан кейін денсаулығы нашарлаған Руслан Берденов соттың бірде-бір отырысына барып қатыспаған, тек онлайн ауруханадан қатысуға мүмкіндігі болды. 

Еске салайық, бұған дейін 2 қазанда Руслан Берденовке қатысты істе екі тарап та апелляциялық шағым түсіргенін жазған едік.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары