Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте қайыршылар мешіт имамдарына наразылық білдірді

Шымкентте қайыршылар мешіт имамдарына наразылық білдірді
фото: видеодан кадр

Шымкентте мешіт алдында қайыр тілеп жүретін азаматшалар имамдардың әрекетіне наразы. Айтуларынша, мешіт қызметкерлері қайырымды жандардан түскен азық-түлікті үйлеріне өздерімен бірге алып кетеді екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды. 

Айнаш есімді келіншек кішкентай екі қызымен Ордабасы алаңындағы мешіттің алдында қайыр тілеп жүреді.

"Жағдайдың жоқтығынан көшеде қол жайып жүрмін", - дейді ол.

Алланың үйіне қайырымды жандардың көп келетінін ескерсек, қайыршылар үшін мешіттің алды нағыз табыс көзі. Бірақ, мұндағы имамдар әсіресе "Рамазан" айында қайыршыларға қырғидай тие бастапты. Тіпті тұрғындардан келетін азық-түліктерді өздерімен бірге алып кетеді екен.

"Имамдар мешітке келген азық-түліктерді өзімен бірге алып кетеді. Осы видеоны көрсеңіздер қолдарыңыздан келгенше көмектесіңіздерші. Үйім жоқ. Баспана жалдап тұрамын. Мешіттің алдында қайыр сұрап жүреміз. Имамдар мешітке түскен ет, басқа да заттарды көліктеріне салып, бес-алты пакет алып кетеді", - дейді қайыршы әйел.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан