Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте Lexus көлігімен қызды "алып қашқан" видео желіде тарап кетті

Шымкентте Lexus көлігімен қызды "алып қашқан" видео желіде тарап кетті

Шымкентте Lexus көлігіне салып қызды "ұрлау" оперциясы видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желілерде желдей есуде. Қалалық полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде "қызды алып қашқан" туралы бейне пайда болды.

Куәгерлер қызды зорлап алып кеткенін айтады.

Шымкент полиция департаменті 2021 жылдың 3 наурызында сағат 20.00 шамасында оларға қонақ үйлердің бірінің жанында белгісіз біреулер қызды күштеп Lexus маркалы автокөлігіне отырғызып, кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бірқатар қажетті іс-шаралар өткізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Сауалнама барысында 22 жастағы қыз өзінің 23 жастағы жігітімен ұрысып қалғанын, бірақ өз еркімен оның көлігіне отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, бойжеткен жас жігітке ешқандай шағымы жоқ екенін айтты", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Автор
Нұрсұлтан