Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Осылайша, отбасындағы бала саны онға жетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мерзімінен бұрын туған нәрестелер алғашқы күндерінен бастап дәрігерлердің бақылауында болған.
Қазір үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Сәбилердің салмағы екі келіден асып, үйіне шығуға дайындалып жатыр.