Шымкентте бұзақылар автобусқа оқ жаудырды
07.11.2018
16:21
0
9
Шымкентте бұзақылар қоғамдық көлікке оқ атқан.
Келеңсіз жағдай Алматы-Ташкент тас жолында орын алған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қараша күні белгісіз біреулер жолда кетіп бара жатқан «YOENG K 6108 hdh» маркалы автобусқа травматикалық қарудан оқ жаудырған.
Дереккөз: ҚазАқпарат«Полицейлер қоғамдық көлікке оқ атқан бұзақыларды ұстады. Олар - Түркістан облысының тұрғындары. Сезіктілерден айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ