"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте алтыншы сынып оқушысы ойынға 2 млн теңге құртқан

Шымкентте алтыншы сынып оқушысы ойынға 2 млн теңге құртқан
фото: shutterstock

Шымкентте полицейлер интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол алтыншы сынып оқушысын алдап, 2 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, Anti-Fraud жедел-алдын алу іс-шарасы барысында киберполиция қызметкерлері күдіктінің әрекетін әшкерелеген. Ол Free Fire атты танымал мобильді ойында «дамыған» аккаунт сатамын деп, мектеп оқушысын сендіріп, оның сеніміне кірген.

Бала оның айтқанын орындап, анасының банк картасын суретке түсіріп, CVV-кодымен бірге күдіктіге жолдаған. Осы деректер арқылы алаяқ әйелдің есепшотынан қомақты қаржыны алған.

Анасы ақшаның жоғалғанын байқаған соң дереу полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларымен цифрлық қауіпсіздік, банк карталары туралы құпия ақпаратты ешкімге бермеу жөнінде үнемі әңгімелесіп отырудың маңызын ескертеді.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан