13 жастағы қызға интимдік ұсыныс жасаған: Ақтауда мектеп күзетшісі күдікке ілінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте айналымы 3,1 миллиард болатын онлайн-казино әшкере болды

Шымкентте айналымы 3,1 миллиард болатын онлайн-казино әшкере болды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте Bingo-37 және Lotoboom онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ойыншыларды WhatsApp арқылы іздеген

Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды kznews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, құмар ойынға бейім адамдарға WhatsApp арқылы онлайн ойнау туралы ұсыныстар жіберіліп отырған. Хабарласқаннан кейін ойыншыларға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аудару үшін банктік шот деректері жолданған.

Қаражатты қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің (ақша операцияларын жүргізу үшін банктік шоттарын берген тұлғалардың) атына ашылған шоттар пайдаланылған.

Ұйымдастырушылар қылмыстық жолмен тапқан табысына құны 200 миллион теңгеден асатын мүлік сатып алған. Тізімде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza және SsangYong Rexton автокөліктері, сондай-ақ екі жер телімі бар.

"Сот үкімімен екі тұлға төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады ҚМА.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда бір топ тұлғаның қызметі тоқтатылды, олар ҚМА мәліметінше, заңсыз интернет-казинолардың жұмысын қамтамасыз еткен. Дропперлердің банктік шоттары арқылы ойыншылардан 110 миллион теңгеден астам қаражат түскен.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.