KZNEWS.KZ
Қоғам

Шымкентте 4 млрд теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы азаматты Шымкент қаласында ұстады, деп хабарлайды kznews.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті ұзақ уақыт бойы жалдамалы пәтерлерді жиі ауыстырып, құқық қорғау органдарынан жасырынып келген.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, тұрғындарды алдағаны анықталды. Күдіктілер Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін салу сылтауымен азаматтардың сеніміне кіріп, олардан ақша жинаған. Алайда құрылыс тиісті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген. Қылмыстық іс аясында 292 үлескердің зардап шеккені белгілі болды. Оларға келтірілген жалпы материалдық шығын 4 млрд теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →