🌓Наурыз мерекесін атап өттік. Енді бюджетімізге оралайық
💸 Шымкентте Наурызға 565 млн теңге жаратылған
👉 Барлығы 6 сатып алу өткен. Тапсырыс беруші - "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК.
🕺 Басшысы Сәкен Майғазиев.
Бұл қандай шаралар және бағасы қанша?
✅ Шымкент қаласының мәдени нысандарын әлеуметтік желілерде тарату – 22,9 млн тг;
✅ «Наурыз айтыс» - 40 млн тг;
✅ "Open Art gallery" - Айқап журналының құрылғанына 110 жыл" – 50 млн тг;
✅ "Дәстүрлі ән мен жырлар" - Дина Нұрпейсова" – 50 млн тг;
✅ "Bala дауысы, Super Live, Жұлдызай" іс-шарасы – 80 млн тг;
✅ "Шымкент қайырымды қала" - ұлыстың ұлы күні" – 322,2 млн тг.
Барлық сатып алу Тікелей бір көзден алу тәсілімен өткен.
Дереккөз:Zertteu Researh Institute