Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкент имамдары жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысын жүргізбек

Шымкент имамдары жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысын жүргізбек

2018 жылғы 7 желтоқсан 12:41 31

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің мешіттерінде жұма намаздар барысында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болды. Бұл туралы орталық мешітте имамдардың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов пен қалалық ішкі саясат жіне дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ.Байсариев, Орталық мешіттің наиб имамы, мешітке келген азаматтар қатысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамды тарту мақсатында ұйымдастырылған шарада кез келген заңбұзушылыққа төзбеушілік танытуға тәрбиелеуде дін өкілдерінің үлесі басым екендігі айтылды. Мешіттерде  жемқорлықтың алдын алуды түсіндіруді бала кезден бастау қажеттігі сөз болып, осы орайда отбасының рөлі зор екені атап өтілді.

Сондай-ақ, қаладағы 104 мешітте тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылып, қала имамдары бірауыздан қолдау білдірді. 

 

Автор
Жандос