KZNews.kz
Шоу-бизнес

Шығыс Қазақстанда қар жауады: Бүгін ауа райы қандай болады - Қазақстан жаңалықтары

Еркебұлан

Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аймағында атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын, қар жауады.

«Қазгидромет» РМК 29 наурыз, жексенбі күнгі ауа райы болжамын ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 5 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде ауа температурасы 5-7 градус, күндіз 4-6 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, 2-7 м/с жылдмдықта жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-ден 2-ге дейін, күндіз 8-10 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 8-13 м/с жылдамдықта жел тұрады. Түнде ауа температурасы 5-7 градус, күндіз 20-22 градусты көрсетеді.


stan.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →