НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында медицина қызметкерін зорлаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды YK-news.kz.
Жаза тағайындағанда оқиғаның зардап шегуші қызметін атқару кезінде болғаны ескерілген. Сондай-ақ, зорлықшының мас болған.
"Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан зорлау) ер адамға сот үкімі шықты", —деп хабарлады Бородулихинский аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Медбикеге моральдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленеді.
"Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шағым түсірілсе, үкімнің заңдылығы апелляциялық инстанцияда тексеріледі", — деді баспасөз қызметі.