Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шри-Ланкадағы теракт кезінде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

Шри-Ланкадағы теракт кезінде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алдын ала ақпарат жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір - Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша Шри-Ланкадағы жарылыстар кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланка ІІМ сілтеме жасап.

Шри-Ланкада болған террористік әрекеттерге байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған болатын. 

"Қазақстан 2019 жылғы 21 ақпанда Шри-Ланканың астанасы Коломбода, сондай-ақ Негомбо және Баттикалоа қалаларында көптеген бейбіт адамдардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды", - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.

Шри-Ланкадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 160 адамға жетті

Жергілікті Ada Derana басылымы жазғандай, католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде барлығы сегіз рет жарылыс болған: Коломбодағы Shangri-La, Cinnamon Grand және Kingsbury  бес жұлдызды қонақүйлерінде және Котахена, Негомбо мен Баттикалоа қалаларындағы үш шіркеуде.

Guardian зардап шеккендердің дені жергілікті тұрғындар екенін хабарлады. Жарылыстар кезінде түрлі мәліметтерге сәйкес, 9-35 шетелдік көз жұмған.  

Екі шіркеуде жойқын жарылыс болды: 80 адам зардап шеккен - фото

Шри-Ланканың Қорғаныс министрі  Руван Вийевардене сегіз жойқын жарылыстың екеуін террористер жасағанын мәлімдеді. Оладың тұлғалары анықталған. Экстермистік топ мүшелері болған. Олардың екеуі теракт алдында полиция учаскесінен қашып кеткен.


sputniknews.kz
Автор
Санжар